Қазақстанның автоХҚО-лары қалыпты қызмет көрсетуде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптарға сай, қалыпты тәртіпте көрсетіліп жатқанын хабарлайды. Бүгінде қызмет алушылардың көптігі Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-ларда ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көліктерді алып-сататындардың көптігі мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөліктерін сонда қайта рәсімдеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға баратынымен байланысты.

ҚР ІІМ 1 шілдеден бастап мәліметтердің алмасуын қамтамасыз ететін жаңа веб-модулді іске қосуына байланысты, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде ақау шығып, салдарынан барлық мамандандырылған ХҚО-ға келушілердің өтініштері дер кезінде қаралмай, үлкен кезек туындаған болатын.    

Бұл ретте мемлекеттік корпорация өз тарапынан халық наразылығын басып, кезекті тарату үшін қосымша қызметкерлерді тартып, «соңғы клиентке» дейін жұмыс істеді. Халық ыңғайлығы үшін egov.kz порталы арқылы қызметті онлайн алуға көмектесетін кеңесші мамандар жұмылдырылды.

Айта кетейік, көліктерді қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қызметтері бойынша мамандандырылған ХҚО-ларда шілденің 1-8 аралығында 40 мыңға жуық қызмет көрсетілді, оның 9 мыңнан астамы тек Алматы қаласына тиесілі.


Келулердің саны: 359

22.11.2019

«цифрлық ғасыр»

...

Қазақстанда 2008 жылға дейін тіркелген Дербес деректерді, акт жазбаларын түзету жұмыстары басталды. Осылайша, «цифрлық ғасырға» 2008 жылға дейін АХАТ желісі бойынша дүниеге келген, үйленген және өзге де іс-әрекеттер жасаған қазақстандықтар толыққанды кіреді. Президенттің «электрондық үкіметті»…

Толық

27.09.2019

ШЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!

...

Конкурсты ұйымдастырушы: Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ. Орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; электрондық пошта мекенжайы: mb2@ krg.gov.kz ;байланыс телефоны 8/7212/42-50-69; Конкурс нысанасы: «Бизнестің…

Толық

27.09.2019

ШЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ГРАНТ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

...

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ. Орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; электрондық пошта мекенжайы: mb2@krg.gov.kz ;байланыс телефоны 8/7212/42-50-69; Конкурс нысанасы:…

Толық

19.08.2019

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

...

Бүгін Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың төрағалығымен және аудандық орталық аурухана КМК директорының орынбасары Д.Нұртаевтың ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңына сәйкес, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша ақпараттық - түсіндірме…

Толық

12.08.2019

Назар аударыңыздар!

...

Назар аударыңыздар! Қарағанды облысының аумағында «Баршаның назарына» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 2019 жылдың 13-ші тамызы күні сағат 11.00-де Шет ауданының аумағында барлық дыбыс күшейткіш құрылғылары қосылатын болады.Тыныштық сақтауларыңызды…

Толық

Оқиғалар күнтізбесі