Заңды тұлғаларды тіркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкіметке» берілді

...

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тіркеу функциясы өтті. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшін ҚР Әділет министрлігіне жіберілетін. Бұл туралы facebook-тегі ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

«Енді біз заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймай, өңдеп, мемлекеттік тіркеуге қоятын боламыз. Бұл қызметті атқару үшін әділет министрлігінің аймақтық бөлімшелерінен 98 қызметкер бізге ауысты, оған қоса біз 197 қызметкерімізді оқытудан өткіздік» делінген хабарламада.

Жаңа енген өзгерістерге сәйкес заңды тұлғаларды, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату, филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта тіркеу) тіркеу қызметтері, құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралы құқықтық сараптаманы мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүргізеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған ХҚО-лар қызметіне өзгерістер енді. 1 шілдеден бастап ондағы ІІМ қызметкерлерін Азаматтарға арналған үкіметтің мамандары алмастырады. Көлікті тіркеуге қою/алу, жүргізуші куәлігіне өтініштерді корпорация мамандары қабылдайды, онда жүргізілетін емтихандарды да автоЦОН қызметкерлері өткізеді. Өз кезегінде, барлық қабылданған өтініштер ІІМ-нің арнайы құрылған бэк-офистеріне өңдеу үшін онлайн түрде жіберіліп отырады. Бұл осы саладағы жемқорлық әрекетін тиып, мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі жылдам көрсетілуіне әсер етуі тиіс.

«Бұл ауқымды өзгерістер мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне оң ықпал етуі тиіс. Корпорациямыздың құзырына өткен міндеттердің өсуі – бізге деген сенімнің артқаны деп білемін», – деп атап өтті өз парақшасында Әсемгүл Балташева.


Келулердің саны: 84

19.08.2019

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

...

Бүгін Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың төрағалығымен және аудандық орталық аурухана КМК директорының орынбасары Д.Нұртаевтың ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңына сәйкес, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша ақпараттық - түсіндірме…

Толық

12.08.2019

Назар аударыңыздар!

...

Назар аударыңыздар! Қарағанды облысының аумағында «Баршаның назарына» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 2019 жылдың 13-ші тамызы күні сағат 11.00-де Шет ауданының аумағында барлық дыбыс күшейткіш құрылғылары қосылатын болады.Тыныштық сақтауларыңызды…

Толық

03.06.2019

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тексеріс қорытындысы

...

2019 жылдың 29 мамырында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекесіне жоспардан тыс…

Толық

03.06.2019

Хабарландыру

...

Құрметті аудан тұрғындары «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шет ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен көп балалы отбасыларға екінші санатты тұрғын үйлер сатылып алынуға конкурс жарияланды. Конкурсқа https://goszakup.gov.kz сайты арқылы қатысуға болады.

Толық

08.04.2019

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев

...

Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік - тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары. Қылмыстық шаралар маңызды, бірақ проблеманы түбегейлі шешуді қамтамасыз етпейді. Тіпті өлім жазасы шенеуніктердің пара алуын әлі де тоқтатпаған Қытайдың мысалы осыған дәлел. Бүкіл…

Толық

Оқиғалар күнтізбесі