МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ӘРДАЙЫМ СІЗБЕН БІРГЕ

Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап-ақ өмірінің алғашқы күндері мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тағдыры тоғысады екен ғой.

Бұлай дейтін себебіміз, сәби дүниеге келгеннен-ақ ата-анасы бала тууды тіркеу, бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына балаларды кезекке қою деген сияқты алуан түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін алып, тиісті құжаттарын ресімдейді.

Бүгінгі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Мемлекет-азаматтарға» қағидаты негізінде, яғни азамат емес, мемлекет, азаматтардың қажеттіліктерін алдын-ала түсініп, мекемелерге олардың баруының қажеттілігінсіз мемлекеттік қызметтер көрсету үшін олармен байланысатын, басқарудың жаңа моделі іске асырылуда.

Себебі, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі бағытының бірі – «Цифрлық мемлекетке көшу», яғни тұрғындардың қажеттіліктерін күні бұрын біліп халыққа қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру болып табылады.

Бұл ретте, кез келген уақытта, кез келген орында және кез келген құрылғыда (байланыс орталығы, веб-портал, зияткерлік мессенджерлер, мобильді қосымшалар, SMS-хабарламалар) ақпарат пен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай қызмет көрсету моделін іске асыру үшін шашыраңқы ақпараттық жүйелер мен арналарды біріктіру жүргізілуде.

Бұған жарқын мысал ретінде, қызмет алушының тікелей мемлекеттік мекемелерге баруынсыз, қатысуынсыз көрсетілетін «Бала туу» проактивті қызметін айтпасқа болмайды.

Бұл проактивті қызмет арқылы ата-ана жаңа туған нәрестеге ат бере алады, туу туралы куәлікке өтінім бере алады, балабақшаға кезекке қоя алады, біржолғы төлем сомасын біле алады, тұрғылықты жері бойынша тіркей алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу және 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілу қажеттігі тапсырылған.

Межелеп қойған мақсатқа жету жолында мемлекеттік органдар тарапынан бірқатар жедел шаралар қабылдануда.

Атап айтсақ, оның бір мысалы қолданысқа енген композиттік қызметтер, яғни бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы.

Қазіргі уақытта осындай нысанда оннан астам композиттік қызметтер тұрғындарға қолжетімді.

Бұған қоса, Telegram мессенджері түрлі онлайн-қызметтерді алу үшін ыңғайлы арнаға айналды.

2018 жылғы мамыр айында @EgovKzBot – электрондық үкімет порталы боты іске қосылды. Бүгінгі күні бот арқылы мекенжай анықтамасы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы, наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулез диспансерінен анықтамалар алу сияқты тағы да басқа отызға жуық қызметтер мен сервистерді алу мүмкіндігі бар.

Қазіргі цифрлық даму ғасырында аққан жұлдыздай сырғып бара жатқан адамзаттың ең басты құнды валютасы болып уақыт саналады.

Осындай жеделдік пен шапшаңдықты талап ететін дәуірде, «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген халық даналығын ескере отырып, көштен қалмай үрдіске ілескен жөн демекпіз.

Сондықтан да, «Өзіңнен баста» ұстанымын негізге ала отырып, өзіңіздің алтын уақыттарыңызды үнемдеу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мейлінше «электрондық үкімет порталы», мобильді қосымшалар және мессенджерлер арқылы алуға шақырамыз.

 

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаментінің

бас маманы

ЖАНСЕРІК БҰРХАНҰЛЫ ЖҮНІС


Келулердің саны: 79

19.08.2019

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

...

Бүгін Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың төрағалығымен және аудандық орталық аурухана КМК директорының орынбасары Д.Нұртаевтың ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңына сәйкес, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша ақпараттық - түсіндірме…

Толық

12.08.2019

Назар аударыңыздар!

...

Назар аударыңыздар! Қарағанды облысының аумағында «Баршаның назарына» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 2019 жылдың 13-ші тамызы күні сағат 11.00-де Шет ауданының аумағында барлық дыбыс күшейткіш құрылғылары қосылатын болады.Тыныштық сақтауларыңызды…

Толық

03.06.2019

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тексеріс қорытындысы

...

2019 жылдың 29 мамырында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекесіне жоспардан тыс…

Толық

03.06.2019

Хабарландыру

...

Құрметті аудан тұрғындары «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шет ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен көп балалы отбасыларға екінші санатты тұрғын үйлер сатылып алынуға конкурс жарияланды. Конкурсқа https://goszakup.gov.kz сайты арқылы қатысуға болады.

Толық

08.04.2019

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев

...

Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік - тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары. Қылмыстық шаралар маңызды, бірақ проблеманы түбегейлі шешуді қамтамасыз етпейді. Тіпті өлім жазасы шенеуніктердің пара алуын әлі де тоқтатпаған Қытайдың мысалы осыған дәлел. Бүкіл…

Толық

Оқиғалар күнтізбесі