АУДАНЫМЫЗДА ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ!

...

Шет ауданында Ақсу – Аюлы ауылының орталық мәдениет үйінде ағымдағы жылдың дәстүрлі тамыз конференциясы өткізілді. Аудандағы білім қызметкерлері мен ұстаздардың басын қосқан ауқымды шара биылғы жылы ерекше форматта аталып өтті. Мәдениет үйінің алаңында әр білім беру мекемелерінің атқарылған жұмыстарынан көрініс беретін көрмелер келушілер назарына ұсынылды. Оның ішінде Ю.Гагарин атындағы мектеп оқушылары құрастырған «Ақылды мектеп», Ж.Ақылбаев атындағы мектеп – гимназия базасындағы тірек мектебі оқушылары жасаған «Ақылды ферма» инновациялық жобалары ерекше назарға ілінді. Оқушылар «Қобыланды батыр» жырын жатқа оқу марафонын өткізіп, би билеп, ұлттық өнерді насихаттады.

Осыдан кейін мәдениет үйінің көрермендер залында тамыз мәслихатының пленарлық отырысы өткізілді. Отырысқа бөлім басшылары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, ата – аналар комитетінің мүшелері, ардагер ұстаздар, БАҚ өкілдері, аудандық білім, ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты. Алғашқы болып сөз кезегін аудан әкімі М.Жандәулетов алып, барша ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, аудандағы білім саласының хал – ахуалына тоқталып:  

«Президент Тамыз конференциясында Үкіметке білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 12 жылдық білім беру моделіне біртіндеп, жоспарлы негізде көшуді қамтамасыз етуді жүктеді. Және білім саласына қатысты бірқатар болашақ ұрпақ үшін күрделі міндеттерді орындауды тапсырды.

Биылғы оқу жылындағы жұмысымыз осы міндеттерді іске асыруға бағытталуы тиіс. Ұрпақ өсіру, оны тәрбиелеу – адамзат тіршілігінің мәні, болашақпен жалғастырар алтын көпірІ. Ал білім саласын дамыту – халықтың болашақтағы әл – ауқатын арттырудың, кемел келешектің алғышарты. Сол үшін де біз әрқашан білім саласына қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті.

Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Смағұл «Білім және Ғылым» тақырыбында баяндама жасап, білім саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер жайлы айта келіп, «Биылғы тамыз конференциясын жылдағыға қарағанда ерекше өткізіп отырмыз. Биылғы конференцияда жарыссөз болмайды. Барлық жарыссөзде айтатын ақпараттарымызды алаңда құрылған жұмыс көрмелерімізден ақ көруге болады деп шештік» - деді. Құттықтау сөз бен есептік баяндамалардан кейін биылғы оқу жылындағы жұмысқа тұрған жас мамандар сахына төріне көтеріліп, оларға гүл шоқтары мен ардагер ұстаздардың «Аманат» қағаздары табысталды. Шара барысында аудан әкімі мен білім бөлімінің басшысы 2018 -2019 оқу жылында қол жеткізген толағай табыстары үшін мектеп мұғалімдерін және де ардагер ұстаздарды марапаттады. Көп жылғы білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мен ерен еңбегі үшін Ы.Алтынсарин төсбелгісімен Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп – гимназиясының ардагер ұстазы М.И. Түсіпов, Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қызметкері төсбелгісімен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп – гимназиясының ардагер ұстазы М.Д. Оспан және де 100 ге тарта ұстаз әр түрлі ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қарағанды облысы әкімі мен аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің «Құрмет» грамоталары мен «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Марапаттаулардан кейін С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің, ұлт қайраткері ақын – жазушы С.Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арнаған «Жалындап өткен ғұмыр», Ю.Гагарин атындағы орта мектептің «Аққудың айрылуы», Ж.Ақылбаев атындағы мектеп – гимназиясының оқушыларының дайындаған «Жетім» атты сахналық көріністері көрсетіліп көрермендер қошеметіне бөленді. Жиын соңында білім бөлімінің басшысы Е.Смағұл барша ұстаздар қауымы мен өнер көрсеткен оқушыларға алғысын білдіріп, ауыл ақсақалы А.Рашитов өлеңмен өрнектеп ақ батасын берді.

 


Келулердің саны: 996

25.05.2020

Майдангер мүрдесі – туған жерімен қауышты!

...

Бүгін Ұлы   Отан соғысында қайтыс болған жауынгер Медет Аманжоловтың сүйегі араға 78 жыл салып, туған жерінің топырағымен қауышты. Жуырда Ресей елі жастарының Смоленск аймағындағы «Тризна» қоғамдық ұйымы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қазба жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Смоленск облысының…

Толық

25.05.2020

Қос бағдарлама аясында қарқынды іс атқарылуда!

...

Денсаулық – ұлт байлығы. Адам баласы үшін қастерлі қазына саналатын денсаулық сақтау саласын дамыту елімізде алдыңғы орынға қойылған. Мемлекет тарапынан жыл сайын әр түрлі жүйелі жобалар бен ауқымды бағдарламалар арқылы осы салаға бөлінген қаржы көлемі де ұлғайып келеді. Шет ауданының орталығы Ақсу – Аюлы…

Толық

25.05.2020

Ауданымызға қарасты Ортау ауылдық округіне кірме жолдың «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында асфальттау жұмыстары жүргізілуде

...

Ауданымызға қарасты Ортау ауылдық округіне кірме жолдың «Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жұмысты жасауға жауапты " Ақадыр-Сәулет "ЖШС -і тиісті…

Толық

22.05.2020

Қарағанды облысының кәсіпорындарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтіледі

...

Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту жоспарлануда. Карантиндік шараларын күшейту бойынша басқа да шаралар қарастырылмайды. Дегенмен, жақын арада жеңілдетулер де болмайды. Бұл туралы Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте Қарағанды…

Толық

22.05.2020

Аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылдық округінде «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында «Шет -строй» ЖШС - і мәдени-сауық орталығы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде

...

Аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылдық округінде «Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында «Шет -строй» ЖШС - і мәдени-сауық орталығының ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш…

Толық

Оқиғалар күнтізбесі