Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз».

Қор мамандары ерікті жарналардың артықшылығы туралы, оны қалай әрі кім сала алатыны және қашан алуға болатыны туралы айтып береді. Салымшы қандай сыйақы ала алады және оларды мұраға алу құқығы кімге беріледі?

Келушілер негізгі күн тәртібімен қатар «БЖЗҚ» АҚ филиалының жұмысын ұйымдастырумен танысып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қыр-сырын ұғына алады, сондай-ақ өздерін қызықтыратын мәселелердің барлығына қатысты білікті кеңес ала алады.

Іс-шараға қатысқан соң қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.

«Ашық есік күнінің» Қарағанды қаласы Бұқар-Жырау даңғылы, 82 мекенжайындағы «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының кеңсесінде өтетінін еске саламыз.


Келулердің саны: 494

24.02.2020

Временная регистрация транспортного средства

...

   Сегодня в специализированном отделе обслуживания населения города Караганды впервые была произведена временная регистрация транспортного средства ввезенного из стран ЕАЭС. Владелец авто - Александр Подшибякин поставил на временный учет свой автомобиль марки «Toyota RAV 4» 2019 года выпуска…

Толық

24.02.2020

БҰҰ сарапшысы – Мақтанарлық дүниелеріңіз бар, жұмыстарыңызды барлығына үлгі етуге болады

...

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының промо-ХҚО-сы мен ахуалдық орталығында болған халықаралық сарапшы, БҰҰ электрондық үкімет басқармасының басшысы Акуаро Винченсо мәлімдеді. «Сіздің цифрлық үкіметіңіз – мақтанарлық дүние, жұмыстарыңызды барлығына үлгі етуге…

Толық

21.02.2020

Хабарландыру!

...

Назар аударыңыздар! Қарағанды облысының аумағында «Баршаның назарына» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 2020 жылдың 25-ші ақпаны күні сағат 10.00-де Шет ауданының аумағында барлық дыбыс күшейткіш құрылғылары қосылатын болады.Тыныштық сақтауларыңызды…

Толық

21.02.2020

Хабарландыру!

...

Толық

06.02.2020

2020 жылдың 7 ақпаны сағат 11:00-де аудандық мәдениет үйінде Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың халық алдында есебін YOUTUBE желісі арқылы тікелей эфирде көре аласыздар

...

2020 жылдың 7 ақпаны сағат 11:00-де аудандық мәдениет үйінде Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың халық алдында есебін YOUTUBE желісінен төмендегі сілтеме арқылы тікелей эфирде көре аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCRBlx_hEGvGbjzwA653hGKw

Толық

Оқиғалар күнтізбесі