1 ҚАЗАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АУДАНЫМЫЗДА АТАЛЫП ӨТТІ

...

Бүгін ауданымызда 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай аудан орталығындағы "Мерей" тойханасында аудан орталығындағы 75 жастан асқан қарттарға арналып "Қарты бар ел - қазыналы ел" атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталмыш шараға аудан әкімі М.Жандәулетов арнайы қатысып, аудандағы аға ұрпақ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, ауданымыз бен өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп келе жатқан қарттарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, еселі еңбектері үшін жүрекжарды алғысын білдірді. Қарттарға арналып мерекелік дастархан жайылып, шараға арнайы келген ата - апалардың ішінде танымал жазушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, өлкетанушы "Құрмет" орденінің иегері К.Жүністегі, ауданның "Құрметті азаматы" Б.Жумкин, аудандық Соғыс және Еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы Қ.Сейілбеков, аудан әкімі жанындағы әйелдер істер және демографиялық саясат жөнінде комиссия хатшысы, аналар кеңесінің төрайымы Г.Ахметова, ауданымыздағы құрметті ата - апаларымыз А.Түсіпханов, М.Баданова, Б.Жолшаринова, К.Жонкина, Т.Аринова және тағы да басқа қонақтар болашақ ұрпаққа ақ батасын беріп, осындай тағылымды шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Және осынау ақ тілек бен жылы лебіздер соңы концертке ұласып, мәдениет үйінің өнерпаз ұл - қыздары ардақты ардагерлер мен жиылған қауымға арнап ән мен күйден шашу шашты. Ән лебімен арайланған төңірек ақ ниетті, ақ пейілді қариялардың мейірбан көңілдерінен шашылған шуақ тәрізді шырайланып тұрды. Сонымен бірге мерекелік шарадан кейін аудан әкімі аталмыш мерекелік шараға денсаулығына байланысты қатыса алмаған Ы.Ахметжанова, К.Мусинаның үйлеріне арнайы мерекелік сыйлықтарымен барып, құттықтаса, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Сағадиев ауданымыздағы абыз ақсақалдар, соғыс ардагерлері М.Ақажанов пен Ш.Жұқановтың шаңырағына барып қос қарияны партия ұжымы атынан құттықтап, сый - сияпаттын табыстады. Ақсу - Аюлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ө.Омаров аудандағы қарт - ана З.Досанованы мерекемен құттықтап қайтты. Осындай тағылымды іс - шаралар ауданға қарасты барлық елді мекендердер мен ұжымдарда аталып өтті.


Келулердің саны: 782

25.05.2020

Майдангер мүрдесі – туған жерімен қауышты!

...

Бүгін Ұлы   Отан соғысында қайтыс болған жауынгер Медет Аманжоловтың сүйегі араға 78 жыл салып, туған жерінің топырағымен қауышты. Жуырда Ресей елі жастарының Смоленск аймағындағы «Тризна» қоғамдық ұйымы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қазба жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Смоленск облысының…

Толық

25.05.2020

Қос бағдарлама аясында қарқынды іс атқарылуда!

...

Денсаулық – ұлт байлығы. Адам баласы үшін қастерлі қазына саналатын денсаулық сақтау саласын дамыту елімізде алдыңғы орынға қойылған. Мемлекет тарапынан жыл сайын әр түрлі жүйелі жобалар бен ауқымды бағдарламалар арқылы осы салаға бөлінген қаржы көлемі де ұлғайып келеді. Шет ауданының орталығы Ақсу – Аюлы…

Толық

25.05.2020

Ауданымызға қарасты Ортау ауылдық округіне кірме жолдың «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында асфальттау жұмыстары жүргізілуде

...

Ауданымызға қарасты Ортау ауылдық округіне кірме жолдың «Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жұмысты жасауға жауапты " Ақадыр-Сәулет "ЖШС -і тиісті…

Толық

22.05.2020

Қарағанды облысының кәсіпорындарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтіледі

...

Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту жоспарлануда. Карантиндік шараларын күшейту бойынша басқа да шаралар қарастырылмайды. Дегенмен, жақын арада жеңілдетулер де болмайды. Бұл туралы Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте Қарағанды…

Толық

22.05.2020

Аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылдық округінде «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында «Шет -строй» ЖШС - і мәдени-сауық орталығы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде

...

Аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылдық округінде «Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында «Шет -строй» ЖШС - і мәдени-сауық орталығының ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш…

Толық

Оқиғалар күнтізбесі