ШЕТ АУДАНЫНДА «МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛІП, 100 – ДЕН АСА ҰСТАЗ ӘР ТҮРЛІ ЖОҒАРЫ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ!

...

Кеше ауданымызда жылдағы дәстүрге сай қазан айының бірінші аптасында аудандық орталық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Барша білім саласының қызметкерлері бас қосқан алқалы жиынға ҚР–ның Білім және Ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағанбетов арнайы келіп, ұлағатты ұстаздарды мерекемен құттықтап, Білім және Ғылым минстрлігінің білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Еңбек ардагері» төсбелгісімен М.Орымбеков «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен Г.Беркимбаева, К.Қошқарбаева, Ж.Асылбекова, Ф. Шамгунова. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Ш.Майгельдинов және т.б. көптеген ұстаздар Білім және Ғылым минстрлігінің «Құрмет» грамотасы, Алғыс хаттарымен, облыстық білім басқармасының, кәсіподақ ұйымының төсбелгі, «Құрмет», Алғыс хаттарымен», аудан әкімінің марапаттарымен, аудандық Білім бөлімінің «Жылдың үздік ұстазы» »Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік педагогы», «Үздік бастауыш сынып мұғалімі», «Үздік физика пәнінің мұғалімі», «Үздік технология пәнінің мұғалімі», «Үздік әдіскер» номинациялары бойынша жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Салтанатты шара барысында аудан әкімі М.Жандәулетов барша ұстаздарды мерейлі мерекемен құттықтап, осынау жиынға арнайы келіп отырған Білім және Ғылым министрі А.Аймағанбетовке ұстаздар қауымы атынан ризашылығын жеткізіп, марапаттар тапсырды. Мерекелік жиында марапат алмаған ұстаз кемде кем. Осынау мәртебесі биік мамандық иелерінің мерекесіне арнайы келген белгілі әнші Саят Медеуов және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Шара соңында барша ұстаздар мәдениет үйінің алаңына шығып, қызылды жасылды болып көздің жауын ала аспанға атылған отшашуға куә болды.

 


Келулердің саны: 61

27.09.2019

ШЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!

...

Конкурсты ұйымдастырушы: Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ. Орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; электрондық пошта мекенжайы: mb2@ krg.gov.kz ;байланыс телефоны 8/7212/42-50-69; Конкурс нысанасы: «Бизнестің…

Толық

27.09.2019

ШЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ГРАНТ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

...

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ. Орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; электрондық пошта мекенжайы: mb2@krg.gov.kz ;байланыс телефоны 8/7212/42-50-69; Конкурс нысанасы:…

Толық

19.08.2019

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

...

Бүгін Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың төрағалығымен және аудандық орталық аурухана КМК директорының орынбасары Д.Нұртаевтың ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңына сәйкес, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша ақпараттық - түсіндірме…

Толық

12.08.2019

Назар аударыңыздар!

...

Назар аударыңыздар! Қарағанды облысының аумағында «Баршаның назарына» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 2019 жылдың 13-ші тамызы күні сағат 11.00-де Шет ауданының аумағында барлық дыбыс күшейткіш құрылғылары қосылатын болады.Тыныштық сақтауларыңызды…

Толық

03.06.2019

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тексеріс қорытындысы

...

2019 жылдың 29 мамырында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекесіне жоспардан тыс…

Толық

Оқиғалар күнтізбесі