Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Рәміздер қаулысы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін  қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы



    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Қазақстан Республкиасы Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституцияның заң күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.

    Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым.

    Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Ол — Елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.

    Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.

    

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні

 

 сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан  Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқовты

 Алтын күн аспаны, 
 Алтын дән даласы, 
 Ерліктің дастаны, 
 Еліме қарашы! 
 Ежелден ер деген, 
 Даңкымыз шықты ғой. 
 Намысын бермеген, 
 Қазағым мықты ғой!

 Қайырмасы: 
 Менің елім, менің елім, 
 Гүлің болып егілемін, 
 Жырың болып төгілемін, елім! 
 Туған жерім менің — Қазақстаным!

 Ұрпаққа жол ашқан, 
 Кең байтақ жерім бар. 
 Бірлігі жарасқан, 
 Тәуелсіз елім бар. 
 Қарсы алған уақытты, 
 Мәңгілік досыңдай. 
 Біздің ел бақытты, 
 Біздің ел осындай!

 Қайырмасы: 
 Менің елім, менің елім, 
 Гүлің болып егілемін, 
 Жырың болып төгілемін, елім! 
 Туған жерім менің — Қазақстаным!


Келулердің саны: 10152

25.05.2020

Майдангер мүрдесі – туған жерімен қауышты!

...

Бүгін Ұлы   Отан соғысында қайтыс болған жауынгер Медет Аманжоловтың сүйегі араға 78 жыл салып, туған жерінің топырағымен қауышты. Жуырда Ресей елі жастарының Смоленск аймағындағы «Тризна» қоғамдық ұйымы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қазба жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Смоленск облысының…

Толық

25.05.2020

Қос бағдарлама аясында қарқынды іс атқарылуда!

...

Денсаулық – ұлт байлығы. Адам баласы үшін қастерлі қазына саналатын денсаулық сақтау саласын дамыту елімізде алдыңғы орынға қойылған. Мемлекет тарапынан жыл сайын әр түрлі жүйелі жобалар бен ауқымды бағдарламалар арқылы осы салаға бөлінген қаржы көлемі де ұлғайып келеді. Шет ауданының орталығы Ақсу – Аюлы…

Толық

25.05.2020

Ауданымызға қарасты Ортау ауылдық округіне кірме жолдың «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында асфальттау жұмыстары жүргізілуде

...

Ауданымызға қарасты Ортау ауылдық округіне кірме жолдың «Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жұмысты жасауға жауапты " Ақадыр-Сәулет "ЖШС -і тиісті…

Толық

22.05.2020

Қарағанды облысының кәсіпорындарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтіледі

...

Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту жоспарлануда. Карантиндік шараларын күшейту бойынша басқа да шаралар қарастырылмайды. Дегенмен, жақын арада жеңілдетулер де болмайды. Бұл туралы Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте Қарағанды…

Толық

22.05.2020

Аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылдық округінде «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында «Шет -строй» ЖШС - і мәдени-сауық орталығы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде

...

Аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылдық округінде «Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында «Шет -строй» ЖШС - і мәдени-сауық орталығының ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш…

Толық

Оқиғалар күнтізбесі