Мемлекеттік органның қызметі

Мемлекеттік органның қызметі туралы қысқаша ақпарат

Шет ауданы әкімі аппараты (әрі қарай - Аппарат) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Аппарат қызметінің негізгі мақсаты – Шет ауданы аумағының мүддесі мен тұтынымына сәйкес атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

Аппарат қызметінің басым бағыттары:

Азаматтардың шағым, өтініштерін қарастыру; азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау бойынша шара қолдану, салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу, заңнамаға сәйкес, жоғары тұрған Әкімдікке Мәслихаттың бекітуіне арналған, әкімгері аппарат болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, өзгерістер енгізу;

Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының нормаларын, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына, өз құзіреті шеңберінде кәсіпкерлік қызметтің дамуына көмектесу;

Жалпыға бірдей әскери міндет пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі мәселелер бойынша заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру;

Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Аз қамтылған тұлғаларды анықтап, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізу. Жалғызбасты қарт адамдар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына қолғабыс ету. Жергілікті өзін-өзі басқару органымен өзара іс-қимыл жасасып, жергілікті бюджетті бекіту кезінде қалалық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілуіне қолдау көрсетіп, жәрдемдесу. Тұрғылықты жерлерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру. Ұрпақсыз адамдарды жерлеуді және зираттарды немесе басқа да жерлеу орындарын күту бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.


Келулердің саны: 7187

27.09.2019

ШЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!

...

Конкурсты ұйымдастырушы: Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ. Орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; электрондық пошта мекенжайы: mb2@ krg.gov.kz ;байланыс телефоны 8/7212/42-50-69; Конкурс нысанасы: «Бизнестің…

Толық

27.09.2019

ШЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ГРАНТ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

...

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ. Орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; электрондық пошта мекенжайы: mb2@krg.gov.kz ;байланыс телефоны 8/7212/42-50-69; Конкурс нысанасы:…

Толық

19.08.2019

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

...

Бүгін Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың төрағалығымен және аудандық орталық аурухана КМК директорының орынбасары Д.Нұртаевтың ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңына сәйкес, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша ақпараттық - түсіндірме…

Толық

12.08.2019

Назар аударыңыздар!

...

Назар аударыңыздар! Қарағанды облысының аумағында «Баршаның назарына» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 2019 жылдың 13-ші тамызы күні сағат 11.00-де Шет ауданының аумағында барлық дыбыс күшейткіш құрылғылары қосылатын болады.Тыныштық сақтауларыңызды…

Толық

03.06.2019

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тексеріс қорытындысы

...

2019 жылдың 29 мамырында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекесіне жоспардан тыс…

Толық

Оқиғалар күнтізбесі